Ата-ана, бүлдіршінің бүлдіріп жүр ("бойжеткен" бүлдіршіндер хақында)

Ата-ана, бүлдіршінің бүлдіріп жүр ("бойжеткен" бүлдіршіндер хақында)
жеке
блог

  Бүгінгі бүлдіршінің қылығы сізідің басыңызды ауыртпай ма, осы?! Бала  санап жүрген бүлдіршіндер бүлдіріп жүр ғой...(( Балалық дәуренмен тым ерте қоштасып, көшеге жалтақтап жүрген "бойжеткен" бүлдіршіндерді  көп кездестіремін. Әлі ана сүтінің дәмі кетпеген аузынан "бөтен" иісті сезбей, ай қарап жүрген ата-аналарды ойлап қынжыламын.

Ана сүтін қорек қылуын доғарғаны  кеше ғана еді...Бүгінгі қорегі - "ащы су" және бұл судың "жан жолдасы"- шылым мен ессіз досы - есірткі!

Балдай бала тілімен былдырлап "мама" деп жүргені кеше ғана еді...  Бүгін бейауыз сөздердің майын тамызатын "сөз шебері"(немесе "шешеден" қайырып жүрген нағыз "шешен")

Қолынан қуыршағын тастағаны кеше ғана еді...  Бүгін өзгелердің "қуыршағы"!

Жастығына жастап, қиялға шын беріліп оқитын ертегілерін енді қайта ашпайтын сөрелерге салғаны кеше ғана еді... Ал бүгін сол ертегілердің жағымсыз кейіпкері!

Мектеп табалдырығын аттап, ақ бантикті оқушы атанғаны кеше ғана еді... Ал бүгін түнгі клубтардың табалдырығын тоздырған "ақ қанатты көбелек"!

Ата-анасының бірінші перзенті боп дүниеге келгені кеше ғана еді...  Бүгін ол - мектепте  "Брінші атаман"...

Анасының сатып акелген көйлегін киіп мәз боп жүргені  кеше ғана еді... Бүгін ол - көйлегі қысқарған, кіндігі ашылған "көрікті" кербез!

Әкесінен әр алған "бестігі" үшін тиын алатыны кеше ғана еді... Бүгін ол - қыздардың әкесін көзіне танытып, ақша талап ететін бүлдіршін бопсалаушы!

Толып жатыр тағы да...

p/s:

Алла қаласа, Мен де болашақ анамын. Күнделікті өмірде көріп жүрген бұл жайттардан соң ана болуға қорқатыным да бар...