Мазасыздыкты жену

Мазасыздыкты жену
жеке
блог

Бір күні профессор дәрісін «Мазасыздықты қалай жеңуге болады?» деген тақырыпқа арнайды. Шәкірттеріне  түсінікті болу үшін бір стаканға су құйып:

– Қалай ойлайсыңдар, мынаның  салмағы қанша?– деп сұрады.

Студенттер жамырай  өз ойларын айта бастады.    Профессор  олардың сөзін бөліп:

– Мұның салмағы белгілі болғанымен,   көтеріп тұрғаныңа байланысты салмағы арта түседі. Егер мұны бір минут ұстап тұрсам, еш қиындық жоқ.  Ал, арада бір сағат өтсе, қолыма салмақ түсіп,  қинала бастаймын.  Бір күн осылай тұрсам ше?!...  Шындығында, салмақ өзгермейді, бірақ, уақыт өткен сайын стақан ауырлай түскендей көрінеді. Сол сияқты да  басымызға  түскен қиындықтарды үнемі ойлай беретін болсақ, ерте ме, кеш пе жағдайымыз ауырлай түсетіні ақиқат.  Ең дұрысы, стаканды бір сәт жерге қойып тыныққан сияқты,  қиындықтарды да бір сәт естен шығарып, демалған дұрыс. Жұмыстағы мәселелерді сол жерге қалдыруды ұмытпайық. Өйткені, әрнәрсені уақытында істеген абзал.

Иман журналы, №9, (86) 2011ж