Алтын алма

Алтын алма
жеке
блог

Дүние сарайында бір шаһар бар еді. Ол шаһардың әдеті бойынша патша қызы бойжеткенде атшабармандары бүкіл қала халқына жар салатын. Сөйтіп, жұртшылық алаңға тегіс жиналатын. Содан патшаның қызы шығады. Ата-анасы қызының қолына бір алтын алма ұстатады. Қыздың көңілі кімге түссе, алтын алманы соған тастайды. Бұдан кейін қызын әлгі жігітке үйлендіреді.

Осы шаһарда бір кедей, жақсы жігіт бар еді. Күндердің бір күнінде патшаның қызы бойжетіп, сол жігітке көңілі ауады. Ғашықтықтан жүзі сарғаяды. Бірақ, ешкімге бұл сырын айтпайды. Патша қызын күйеуге бермек ниетімен: «Пәлен күні шаһарда біреу де қалмасын, сахараға шықсын! Қызым өзіне лайықты кісіні таңдайды!»- деп жар салдырды. Жұртшылық тегіс жиналды. Байлар бұл қыз алтын алманы маған тастар ма екен деп дәмеленіп тұрады. Қыз әр тараптан қарап жүрді. Бірақ, көңіліндегі кедей жігітті көрмеді. Сондықтан, ешкімнің үстіне алтын алма тастамады. Шаһар халқы тегіс үйлеріне тарасты.

Екінші күні және шықты. Қыз көңіліндегі жігітті көрмеді. Қала жұртшылығы: «Патша қызының күйеуге тиюге ықыласы жоқ екен!»- деп сөз ете бастады. Үшінші күн және жиналуға әмір етті. Бұл күні үстіне тапқанын киіп, барша жұртпен әлгі кедей жігіт те шыққан еді. Ол іштей: «Патша қызы маған қарамас. Дегенменде, көпшілікпен бірге өзін көріп қалайын»,- деп елдің шетінде елеусіз тұра берді. Патша қызы айналасын бажайлай қарап келеді. Әлгі жігіт патша қызын көріп, енді қайтайын деп бұрыла берген. Осы кезде бойжеткен алтын алманы оның үстіне тастады. Әмір иелері, әкім-төрелер, байлар бұған таң қалып қайтты. Қыздың ата-анасы: «Неге бұлай еттің?! Әмірлердің, ұлықтардың ұлдарының көңілін қалдырып, бір кедей жігітті таңдадың. Ол пақырдың түгі де жоқ қой!»- деп қапаланды. Сонда патша қызы: «Ол жігіт кедей болса, мен баймын! Есесіне, мен - нәзік, әлсіз болсам, ол - күшті! Мен оның үстіне алтын алма тастасам, ол менің үстіме әлдеқашан «қасірет» (ғашықтық) алмасын тастаған болатын!»- деп жауап берді. Сол күні некелерін қиып, той жасап, мұраттарына жетті! «Жар деген сөз жан біткенді жібітер, тек асыл жар ғана жігіт көңілін өрлетер!»- деген - осы. (Fибратнама)

Достар негизи мен Сулулык журекте болып тиркелген болатынмын, оган кире алмай койдым логин пароль дурыс емес деп шыгарып тастай берди. Сондыктан кайтадан тиркелуди жон кордим. Жанадан тиркелгенимде мен иман туралы мысалдарды, хадистерди, уагыздарды блогка жариялайтынмын. Иман такырыбында ар турли мысалдарды жариялаганым жон деп шештим жане журегиме оте жакын...)))) ДОСТАР МЕН КАЗАКПЫН, ВАХАБИСТКА ЕМЕСПИН, КАРАПАЙЫМ КАЗАКТЫН КЫЗЫМЫН. Тагы айтатын жайт жумысымда казак тилин орнатпаган... окиништи...сондыктан осылай жазуга тура келеди...