Сыйға- сый, сыраға- бал!

Сыйға- сый, сыраға- бал!
жеке
блог

Өзім сыйлық сыйлағанда қатты ұнатам, сыйлық іздеуге қойып қойса негізі мені :). Бірақ, басқа да адамдардан ақыл сұрап тұрған ұнайды. Себебі, ол адамды онша білмеуім мүмкін не кейде ойлаймын арта қалған заманның сыйлықтарын алып беріп қойып ұят болып қалмасын деп. Туысқандарым, таныстарым болса көбіне қалап жүрген заттарын сыйлауға тырысамын. Туысқандарымнан "нагло" сұрап алам, не ұнайды, не қалайсың деп :)). 

1) Нендей нәрселерді сыйға тартқанды жек көресіз? Адамның көңілін табу қиын ғой.  Берген сыйлығым адамға ұнамаса болды сол сыйлықты жек көріп кетем, сол кеш бойы неге оны алып ем деген сияқты сұрақтар жеп қояды мені. 

2) Қандай сыйлықтан бас тартар едіңіз? 

Өзіме сөз айтып, мен оны қаламаған адамым болса ешқашан оның сыйлығын алмаймын, өтірік үміт сыйлағым келмейді. А так, шын көңілмен сыйлаған сыйлықтардың бәрін ұнатам. 

3) Сізге ұнайтын кәдесыйлар? Жұмсақ аюлар, олар менің үшінші или төртінші махаббатым ғой :) Бұрындары сыйланған қонжықтарым үйде тұр, папам көрген сайын күледі: "менің қызым қашан бой жетеді?" деп, себебі інілерімнің де қолдарын тигізбеймін ғой :))). Қазір енді ол шақтан өтіп кеттік қой :). Кружкалар ұнайды, небір түрлі суреттері бар :) Жүрекшесі бар заттар :) Шашқа тағатын заттар ұнайды :) Әшекей бұйымдар ұнайды, алтыннан гөрі күміске құмармын. Жаңа заманауи техника заттары ұнайды, бұл енді точно үшінші махаббатым :) Ибай, қарап отырсам бәрі ұнайды екен ғой :) Гүл, менің сүйікті гүлім - сары тюльпан. Бірақ, бір кісілер қандай гүл сыйласада ұнайды. Қызыл роза, ақтары да  ұнайды.  


4) Өміріңіздегі есте қалған сый? Дельфинчиктер, бір жігіт сыйлаған. Әлі бар, ауылдағы үйде тұр. Просто, есте қалған қызықты естелік еді.  Папам жазған өлең жолдары, кітаптары, ауылда қалды. Мамам сыйлаған әр бір мейірімі, ол енді жүрегімде. Әкем сыйлаған маған деген шексіз махаббаты, жүрегімде күнде сәуле шашып тұр :). Басқада толып жатқан сыйлықтарым көп екен, просто оның бәрін бөліп жазуға уақыт жоқ :)

Айтпақшы, 10- класта бір кластасым маған ғана класта пластамасса гүл берген, мен соған сондай қуанғам себебі біз кластың жігіттеріне ренжіп қалғанбыз, әйтеуір бітпейтін сылтауларымызбен өзімізше болғанбыз ғой қыздар бәріміз. Ал ол, үндемей маған гүл беріп тұр ғой :) Қызық, ойласам күлкім келеді. Талай өлең шығарып еді сол бала, бәрін өртеп тастағам қазір өкініп отырмын.   

5) Сізді жалықтырған кәдесыйлар? Мені ешқандай кәдесый жалықтырмайды :) Бәрін жақсы қабылдап ала берем. Адамдар тек шын көңілмен сыйласа екен деп ойлаймын. Адамдарға сыйлық маңызды емес қой, маңыздысы риясыз көңіл, сенің қасыңда сені ойлап жүретін адамның барлығы. 

Эстафетаны Маралға бергім келеді. Қыпшақ қыз, көп рахмет! 

суреттер