Жәнібектік жастардың жұмысы
жеке
блог

Жәнібектік жастардың жұмысы

Достар, бұл жазбамда "Жас Отан" Жастар қанаты Жәнібек аудандық филиалының жұмысымен таныстырмақпын.

  "Нұр Отан" партиясының "Жас Отан" Жастар қанаты "Ардагерлерді ардақтайық" атты жобасын облыс аумағында сәтті жүзеге асырып келеді. Аталмыш акциядан Жәнібек ауданының жасотандықтары да тыс қалмады. Аудан жастарынан құралған еріктілер тобы егде тартқан қарияларымыз бен ардагерлеріміздің үйлеріне барып өз көмектерін көрсетіп қайтты.  Отанға деген сүйіспеншілік, патриоттылық осыдан бастау алса керек. Әр адам өзі мекен еткен жерді көркейтуге өз үлесін қосқан адамдарға арнайы көмектерін көрсетіп, ақ батасын алса бұдан асқан бақыт жоқ шығар, сірә?! 

1

2

3

Соңғы жылдары елімізде қазақ тілін дамытуға көп үлесін қосып жүрген ойындардың бірі "Жайдарман". Еліміздің түпкір-түпкірінде өткізіліп жатырған Жайдарман ойындары Жәнібекте де өткізілді. Ойынды өткізуге "Жас Отан" Жастар қанатының Жәнібек аудандық филиалы мен "Ақбастау" Жастар қоғамдық бірлестігі мұрындық етті. Айта кету керек, "Ақбастау" Жастар қоғамдық бірлестігі биылғы жылы 10 жылдық мерейтойын атап өтпекші. 

  "Маусымашар-2014" ойыны барлығы 6 топ қатысып, жоғары деңгейлі ойын көрсетті.  

1."Жалынды жастар" (Борсы ауылы)
2."Ерекше жандар" (Жәнібек колледжі)
3."Батыс" (А.Оразбаева мектебі)
4."Тайыр тарланды" (Т.Жароков мектебі)
5."Денсаулық" (Аудандық аурухана)
6."Ұлы Қазақ" (Ақоба ауылы)

400-ден аса көрерменді Мәдениет үйінің залына жинаған жастар, қызықты ойын көрсетті. Нәтижесінде: I-орын "Тайыр тарландары", II-орын "Денсаулық", III-орын "Ұлы Қазақ" командаларына бұйырды. Ойын соңында "Нұр Отан" партиясының Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қайдаров Мереке Жұмабайұлы сөз сойлеп, қатысушыларға партия тарапынан ризашылығын білдірді. 

1

1

1

p.s. Жәнібектік жастарды бір жерге жинап, ұйымшылдықпен іс атқарып жүрген "Жас Отан" ЖҚ Жәнібек аудандық филиалының Атқарушы хатшысы және "Ақбастау" ЖҚБ-нің төрағасы Мерке Сатыбалдиев "өңірдегі іс-шаралар әрі қарай жалғасын тауып, жастарымыз өз уақыттарын елге көмегін тигізуге жұмсайды" деп атап көрсетті.