Қарты бардың - қазынасы бар

Қарты бардың - қазынасы бар
жеке
блог

"Нұр Отан" партиясының жанындағы "Жас Отан" Жастар қанаты "Ардагерлерді ардақтайық" атты жобасын сәтті жүзеге асырып келеді.  "Жас Отан" Жастар қанатының Батыс Қазақстан облыстық филиалының жасотандықтарынан құралған еріктілер облыс аумағында қарқынды жұмыс жасауда. 

  Қариялар – халық құрамындағы әлеуметтік топ. Бағзы заманнан қалыптасқан, ұрпақтан ұрпаққа ұштасқан өмірлік мақсаты ел бірлігіне, жер тұтастығына бас-көздік, халықтың бірлігі мен ынтымақтастығын берік дәнекерлеу, ұлттық бай рухани қазынаны шашау шығармай сақтау және молайта түсу еді. Олар қай кезде де осы міндетті жүзеге асыруда көсемдік танытты, бекзаттық пен мәрттіктің рухы болып келеді.

1

Облыс аумағында ауа-райы күрт өзгеріп жас еріктілер жедел жұмысқа кірісті. 

111

 

111

Бөрлі ауданы жастарының да қосқан үлесі зор.

 

22

Сырым ауданының жасотандықтары Валиев Сакко, Ғабделов Серік, Қасымов Болат, Валентина Корешенкова сынды қарияларымыздың үйлеріне барып, өз көмектерін көрсетіп қайтты. 

4

 

1

"Отанды сүю - отбасынан басталады. Әр адам өз Отанына еңбек еткен жандарға көмек қолын созып, қамқорлық танытса - сол нағыз патриот адам" - дейді, Ұлы Отан соғысының ардагері Казин Александр(суретте) қариямыз.

p.s. Елбасының биылғы Жолдауында басымдылық берілген басты бағыттардың бірі мұқтаж жандарға көмек көрсету болып табылады. Елбасы Жолдауына осылайша қолдау көрсеткен жастар, әлі аянбай еңбек ететіндіктерін айтты.