Пышақтап, өртеп жіберген: БҚО-да жантүршігерлік оқиға болды

Пышақтап, өртеп жіберген: БҚО-да жантүршігерлік оқиға болды
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік оқиға болды. Бұл туралы БҚО криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Нұрлан Бисенов айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарына Жаңаөмір кентінің тұрғындары жүгінген. Олар 1957 жылы дүниеге келген туысы жоғалып кеткенін айтқан. Көп ұзамай ер адамның денесі зорлық зомбылық белгілерімен табылған.

"Күдікті қылмыс жасалғаннан кейін екінші күні ұсталды. Ол 1961 жылы туған сол ауылдың тұрғыны болып шықты. Жәбірленуші мен күдікті ішімдік ішіп, төбелескен. Денені өртеп жібермес бұрын күдікті ер адамды пышақтап өлтірген, ол сол жерде қайтыс болған. Денені толық өртей алмаған соң, күдікті оны үйінің ауласына жасырған", - деді Бисенов.

Ұсталған адам қамауда. Іс бойынша сараптамалар мен тергеу тағайындалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова