Павлодар облысы әкімінің резиденциясы төңірегіндегі оқиға қырық құбылды

Павлодар облысы әкімінің резиденциясы төңірегіндегі оқиға қырық құбылды

Жасыбайдағы Павлодар облысы әкімінің бұрынғы резиденциясы төңірегіндегі дау қырық құбылды. Оны қайтарып алу жөніндегі шағым сотта қайта қаралуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Естеріңізге сала кетсек, Жасыбай көлінің жағасындағы "Жанбақы-Арнасы" деп аталатын бұрынғы резиденцияны Болат Бақауов өңірді басқарып тұрған кезде жекеменшікке сатып жіберген. Жаңа қожайын 1 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсап, қазір онда Jasybai resort деген қымбат курорттық аймақ салынған. Тексеру өткізген табиғатты қорғау прокуратурасы, зәулім нысанның алты есе арзанға сатылғанын анықтады. Бұрынғы резиденция бар жоғы 161 млн теңгеге бағаланған. Прокуратура екі бірдей зәулім ғимараттан тұратын нысанды сату кезінде бағасы қасақана төмендетілгенін айтқан. Құзырлы органның ұйғарымынан кейін облыстық қаржы басқармасы кезінде жасалған келісімшарттың күшін жою жөнінде наурыз айының басында сотқа арыз түсірді. Телеграммдағы кerek.pv арнасының жазуынша өткен аптада Павлодар облыстық прокурорының бірінші орынбасары Талғат Әлібаев, табиғатты қорғау прокурорына шағымды қайтарып алу жөнінде ұсыныс жолдайды. Өз кезегінде табиғатты қорғау прокуратурасы қаржы басқармасына хат жолдаған.  

"Павлодар облыстық прокуратурасынан хат түсті бізге. Сол хатта ұйғарымды кері қайтару туралы жазылған. Сол себептен біздің қаржы басқармасының өкілдері дау талапты қарастырып керек жоқ деп сотқа қолдау хат жібердік", - дейді Павлодар облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары Саян Бектұрғанов.

Ал Павлодар облыстық прокурорының міндетін атқарушы Серік Кәріпбекова, құжатпен таныса келе бірінші орынбасарының істі тоқтату жөніндегі хатын кері қайтарып алды. 7-маусымдағы қайта жанданған сот отырысында Павлодардың экономикалық соты қаржы басқармасының талап арызын қанағаттандырды. Егер, алда болатын аппелациялық сотта бірінші инстанцияның шешімі сол күйінде қалатын болса, кезінде арзан бағаға сатылған Павлодар облысы әкімінің жаздық резиденциясы мемлекет меншігіне қайтарылуы мүмкін. Олай болған жағдайда бұрынғы шенділердің біразының басы пәлеге қалары анық.  

Е.Базарқұл

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Қ. Әбілдәқызы