Астанада ерекше симптомы бар COVID-19 пайда болғаны рас па?

Астанада ерекше симптомы бар COVID-19 пайда болғаны рас па?
Фото: elements.envato.com

WhatsApp-та Астанада COVID-19-дың өршіп жатқаны туралы ақпарат пайда болды. Аурудың белгілері - іріңді жөтел және диарея. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап. 

Ведомствоның мәліметінше, Қазақстанда коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Қазақстан Республикасы және барлық өңір "жасыл аймақта" тұр. Барлық шектеу шаралары жойылды.

"Біз COVID-19 коронавирус инфекциясы жойылмағанын түсінуіміз керек, вирус таралып жатыр, бірақ аурудың салыстырмалы түрде жеңіл ағымын ескере отырып, алдағы уақытта халықтың аурушаңдығын бақылау басқа вирустық инфекциялармен қатар тұрақты негізде жүзеге асырылады. Елімізде сырқаттың ауыр емес түрлеріне диагноз қойылады, негізінен жоғарғы тыныс жолдарының респираторлық вирус инфекциясы ретінде жұту кезінде тамақ ауруы, мұрын бітелуі, сирек жөтел түрінде жүреді. Айта кетейік, іріңді жөтел жаңа коронавирустық инфекцияға тән емес. Әдетте жөтел құрғақ, өнімділігі төмен. Аурудың жеңіл ағымына байланысты халық сирек медициналық көмекке жүгінеді", - деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері.

Қорыта айтқанда, жөтел және диарея белгілері бар КВИ ошағы Астанада тіркелген жоқ. Демек таралған ақпарат жалған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек