Астана тұрғындары судың жоқ болуына байланысты көшені жауып тастады

Астана тұрғындары судың жоқ болуына байланысты көшені жауып тастады
Фото: TikTok - tanirbergen_berdongar

Астана тұрғындары судың жоқ болуына байланысты көшеге шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Белгілі блогер Тәңірберген Бердоңғардың сөзінше, кеше түнде Нәжімеденов көшесіндегі Браво Family тұрғын үй кешенінің тұрғындары көшеге шыққан. 

"Себебі 7 күн бойы Браво Family тұрғын үй кешені құрылыс компаниясының кесірінен сумен қамтамасыз етпеді", - дейді блогер. 

"Үйімізде кішкентай балалар, үлкен адамдар бар. Адам бір күн сусыз өмір сүре алмайды. Ал біз 7 күн бойы сусыз отырмыз", - дейді жергілікті тұрғын. 

Блогердің сөзінше, түнде сумен қамтамасыз ететін водовоз келуі қажет болған. 

"Мемлекет өз есебінен бастапқыда құрылыс компаниясы салуы қажет болған "сақинаны" төсеуді қамтамасыз етуі мүмкін, - дейді Тәңірберген Бердоңғар. 

@tanirbergen_berdongar #астана #казахстан #вода #bravofamily #satns ♬ original sound - TANIRBERGEN

Ал Алматы ауданының әкімі Мақсат Саматұлының сөзінше, әкімдік құрылыс компаниясымен келіссөздер жүргізген. Ол мәселе ертең, оның арғы күні шешіледі деп сендіріп отыр. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина