Шымкентте трансформатор мен шағын дүкен өртенді

Шымкентте трансформатор мен шағын дүкен өртенді
Фото: Шымкент төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Шымкентте трансформатор мен шағын дүкен өртенді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға Темірлан тас жолы бойындағы "Автонұр" аялдамасының артында болған.

Куәгерлер күндізгі 14:48-де төтенше жағдайлар қызметіне хабарласқан.

Жалын 15.01-де ауыздықталып, 15:06-да толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан