Сальмонеллез және А гепатиті жұғуы мүмкін: қазақстандық санитарлық дәрігерлер ең қауіпті салатты атады

Сальмонеллез және А гепатиті жұғуы мүмкін: қазақстандық санитарлық дәрігерлер ең қауіпті салатты атады
Фото: pixabay.com

Санитарлық-эпидемиялық бақылау комитеті қазақстандықтарды жаз мезгілінде салаттардан улану көбейетінін ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-ке сілтеме жасап.

Санитарлық дәрігерлердің айтуынша, жазда жұқпа туындауына ықпал ететін ең қауіпті өнімдердің бірі - майонезбен жасалатын салаттар.

"Салат ауру тудыратын микроағзалардың көбеюіне арналған қолайлы орта жасайды, себебі біз оны термиялық өңдемейміз және барлық ингредиенттер ұсақтап туралады. Оны дұрыс технологиямен дайындамаса немесе бұзылған күйде жесеңіз, сальмонеллез, кампилобактериоз, иерсиниоз, дизентерия, норовирусті және ротавирусті жұқпа, вирусті А гепатитін жұқтырып алуыңыз мүмкін", - делінген хабарламада.

Санитарлық норма бойынша, майонезбен және тұздықтармен араластырылған салаттарды тоңазытқышта 6 сағаттан артық сақтауға болмайды.

Гепатит вирустары қалай жұғады?

Ұзақ сақталмайтын тұздықтың бірі - қаймақ, ол бөлме температурасында 30 минуттан соң бырши бастайды, ал тоңазытқышта 60 минуттан кейін бұзыла бастауы мүмкін.


pixabay.com

"Тазартылмаған майлар мен тұздықтар да салатқа қосқан кезде ұзақ сақталмайды. Егер ол дастарқанда 30-60 минут тұрса, бұзыла бастайды. Ал тоңазытқышта сақталу уақыты бұдан сәл ғана көп", - деді комитетте.

Мамандар табиғатқа шыққанда майонезбен, қаймақпен немесе өсімдік майымен жасалған салат алып шықпауға кеңес береді. Себебі бұл компоненттер күннің және ыстық ауаның әсерінен жылдам құртылады.

"Жазда салаттарды дастарқанға қояр алдында зәйтүн майымен араластырған дұрыс. Оған лимон немесе бальзамді сірке суын қосуға болады. Зәйтүн майының құрамына антибактериялық белсенділікке ие бағалы биохимиялық қосылыстар кіреді",  деп кеңес берді сантиарлық дәрігерлер.

А. Жапатова