Қарағандыда полиция подполковнигі 170 мың теңге пара алды деген күдікпен ұсталды

Қарағандыда полиция подполковнигі 170 мың теңге пара алды деген күдікпен ұсталды
Фото: Tengrinews.kz

Қарағандыда полиция бастығының орынбасары 170 мың теңге пара алды деген күдікпен ұсталды, тергеу амалдары басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

3 маусым күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті мен Қарағанды облысы полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерінің бірлескен жедел әрекеттері барысында 170 мың теңге пара алды деген күдікпен Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Киров полиция бөлімі бастығының орынбасары ұсталды.

Аталған дерек тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қарағанды облысы полиция департаментінің басшылығы өзге де құқық қорғау органдарымен бірлесіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын жалғастыраады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан