Қызылордалық полицей күріштіктің суын тексеремін деп суға батқан студентті құтқарды

Қызылордалық полицей күріштіктің суын тексеремін деп суға батқан студентті құтқарды
Фото: polisia.kz

Қызылордалық полицейлер суға батып бара жатқан тұрғынды құтқарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның суға батқан тұрғынды жағаға алып шығып келе жатқан сәті видеоға түсіп қалған.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, оқиға 5 маусымда сағат 11:30 шамасында болған. Жалағаш ауданы жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Ержан Әбдіраманов және патрульдік полиция тобының аға инспекторы Ернұр Өтеш аймақты аралаған.

Кенеттен көліктің алдынан жергілікті тұрғын жүгіріп шығып, көліктерін тоқтатуын сұрайды. Ентіккен азамат Бұқарбай батыр елді мекеніне қарасты "Северный" каналында бір азаматтың суға батып бара жатқанын айтады. Осы сәтте полиция қызметкерлері жедел әрекетке көшкен.

Полицей Ержан Абдраманов тұңғиыққа бойлаған жігітті аман алып қаламын деп ойланбастан суға секірді. Суға секіріп, жігітті жағаға шығарып, оған дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетті. Жергілікті тұрғын канал жиегіне барып, күріштіктің суын тексеремін деп абайсызда құлап кеткенін анықталды. Ол Қызылордадағы жоғарғы оқу орындарының бірінің студенті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан