Ақтөбе тұрғыны бірнеше кәсіпкерді сан соқтырған

Ақтөбе тұрғыны бірнеше кәсіпкерді сан соқтырған
Фото: polisia.kz

Ақтөбе тұрғыны бірнеше кәсіпкерді сан соқтырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция бөлімдеріне дүкен иелерінен бірнеше өтініш түсті. Кәсіпкерлер арыздарында салқындататын сусындарын жеткізу сылтауымен қолма-қол ақшаны иемденген адамның құрбаны болғанын айтқан.

Бүгінде 6 жәбірленуші анықталған.

Бұл дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктіге үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы белгіленді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова