"Мені Ақордаға кіргізесіз бе?" 1-сынып оқушысы Президентке хат жазған

"Мені Ақордаға кіргізесіз бе?" 1-сынып оқушысы Президентке хат жазған

1-сынып оқушысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Жуырда Астана қаласының тұрғыны, 1-сынып оқушысы Асылтас Саяділ Ақорданы аралап көргісі келетінін айтып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына хат жазған.

Фото: Ақорда

Бүгін Халықаралық балалар күніне орай "Ақорда" резиденциясына ұйымдастырылған экскурсияға Асылтас арнайы шақырылып, ғимаратты аралап көрді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина