Алматы облысында төрт жыл бойы энергетикалық сусын ішкен ер адам жансақтау бөліміне түсті

Алматы облысында төрт жыл бойы энергетикалық сусын ішкен ер адам жансақтау бөліміне түсті
Фото: Көрнекі сурет nerulife.ru

Алматы облысында төрт жыл бойы күнде энергетикалық сусын ішкен ер адам жансақтау бөліміне түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, ер адам көпсалалы клиникалық ауруханаға кеуде тұсына шағым айтып түскен. Туыстары оның төрт жыл бойы күн сайын энергетикалық сусын ішкенін айтты.

"Тексеруден кейін дәрігерлер науқасқа жүрек функциясының созылмалы жетіспеушілігі деген диагноз қойды. Бұл жүректің қызметі бұзылып, нәтижесінде ағзалар мен тіндер оттегінің жетіспеушілігінен зардап шегеді. Қазір оның жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр, ол жансақтау бөлімінде жатыр", - деді департамент өкілдері.

Дәрігерлер энергетикалық сусындарды сирек ішудің өзі аритмия ұстама және басқа да жағымсыз салдарларды тудыруы мүмкін екенін ескертеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек