Павлодар тұрғыны досын аяқкиім бауымен тұншықтырып өлтірді

Павлодар тұрғыны досын аяқкиім бауымен тұншықтырып өлтірді
Фото: diapazon.kz

Екі ер адам уақытша бейімдеу және детоксикация орталығында кездескен. Ол жерден шыққан соң, үйдің кіреберісінде тойлауды жөн көрген. Алайда жанжал басталып, кейін төбелеске ұласқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Irbistv.kz сайтына сілтеме жасап.

Біреуі екіншісін жұдырығымен ұрып, сосын теуіп, аяқкиімнің бауын шешіп, екіншісін қылғындырған. Ол тұншығып, оқиға орнында көз жұмған.

Сотта павлодарлық ер адам өз кінәсін ішінара мойындап, өлтіру ниеті болмағанын дәлелдеуге тырысты. Сот үкімімен ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ, марқұмның әпкесіне 1 миллион теңге моральдық шығын өндірілді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек