Ішімдік ішкені үшін жұмыстан шығарылған Ақтөбе полициясының бұрынғы бастығы жұмысқа қайта кіруге тырысқан

Ішімдік ішкені үшін жұмыстан шығарылған Ақтөбе полициясының бұрынғы бастығы жұмысқа қайта кіруге тырысқан
Фото: otyrar.kz

Ақтөбе облысында ішімдік ішкені үшін жұмыстан босатылған полиция бөлімінің бұрынғы бастығы Ерлан Төлеубай сот арқылы лауазымын қалпына келтіруге тырысқан, бірақ сот мұндай шешім қабылдамады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Ол құқық қорғау органдарында 20 жылдан аса жұмыс істеген. 2021 жылғы наурызда Темір ауданының Кеңқияқ кенттік полиция бөлімшесінің бастығы лауазымына тағайындалған. Ал 2022 жылғы наурызда жұмыс уақытында ішімдік ішкені, қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны және полицияның беделін түсіретін теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан шығарылды.

Ол сотты 18 сағаттан кейін ішімдік ішкеніне сендірген, яғни жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін ішкенін айтып, өзінің заңсыз жұмыстан шығарылғанын жеткізген. Сондай-ақ, қызметтік тергеу кезінде заңбұзушылықтар жіберілгенін, ал Темір ауданының полиция бөлімінің бастығы оған бұрын лауазымын босатуды ұсынғанын айтқан.

Сот кесте бойынша Полиция департаменті аппараты қызметкерлерінің, оның ішінде талапкердің жұмыс күні 19 сағатқа дейін созылғанын, ол жұмыс уақытында алкоголь ішкенін анықтады.

Судья бұрынғы полиция бастығының талаптарын қанағаттандырудан бас тартқан.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова