"Дұрыстап амандаспады" деді". БҚО-да марқұм оқушының туысы оқиға қалай болғанын айтты

"Дұрыстап амандаспады" деді". БҚО-да марқұм оқушының туысы оқиға қалай болғанын айтты
Фото: lada.kz

Батыс Қазақстан облысы Щапов ауылында 9-сынып оқушысы соққыдан қайтыс болды. Ол түнде облыстық балалар ауруханасына түсіп, алған жарақатынан ес жимастан көз жұмған. Марқұмның туысы болған оқиға туралы айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, ауыл мектебіндегі оқушылар өзара жанжалдасқан. 

"Қасымдағы бір бөлем дұрыстап амандаспады деп "мыналарды ұрыңдар, аналар дұрыстап амандаспайды" деп 10-сыныптағыларға айтқан ғой. Сол үшін бізге келді. Мені, Диярды, сосын Айбол деген бөлемді ұрды. Мені ұрған студент бала", - дейді марқұмның туысы Дияс Досқали.

Қазір осы оқиғаға күдікті он бес жастағы жасөспірім ұсталған. Ал марқұм Дияр Досқалидың туыстары іс әділ тергелуін талап етіп отыр.

"Бұл дерек соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Осы іске күдікті ретінде 2008 жылы туған кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталды", - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметкері Лунара Аманғалиева.

Еске салайық, бұған дейін 15 жастағы жасөспірім қатарласын өлтірді деген күдікке ілінгені хабарланған еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова