Балабақша аумағынан да табылған: Шымкентте тұрғындар жылан көбейгенінен қорқып отыр

Балабақша аумағынан да табылған: Шымкентте тұрғындар жылан көбейгенінен қорқып отыр
Фото: Видеодан алынған кадр

Шымкентте ауладан 26 жылан ұсталды. Тұрғындар жылан көбейгенінен қорқып отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар24" телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, бауырмен жорғалаушылар аулалардан, тұрғын үйлерден және қосалқы үй-жайлардан табылған.

Құтқару қызметіне бір айда қорыққан азаматтардан 35 шақыру түскен. Жылан балабақша аумағынан да табылды. Құтқарушылар оны арнайы жабдық көмегімен ұстап алып, қауіпсіз жерге көшірген. Кейінгі екі айда жылан шағуынан үш адам зардап шекті. Оларға медициналық көмек көрсетілген.

"Ай басынан бері 35 шақырту болды, 26 жағдайда жыландарды ауладық. Қазір олардың жұптасу маусымы, сондықтан мұндай белсенділік табиғи процесс", - деді ТЖД Жедел-құтқару жасағының басшысы Орынбас Төртбаев.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова