Ақтау тұрғыны ақтөбелік үш зейнеткерді алдап кетті

Ақтау тұрғыны ақтөбелік үш зейнеткерді алдап кетті
Фото: polisia.kz

Ақтөбеде 15-16 мамыр күндері 83, 87 және 90 жастағы зейнеткерлерді алдап кеткен тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Күдікті "құрбандарына" жақын туысының жол-апатына түскені және осы мәселені шешуге жәрдемдесетіні туралы айтып қоңырау шалған.

Егде жастағы жәбірленушілер жиналған барлық ақшасынан айырылып, жалпы шығын 5 миллион теңгеден асты.

Жедел-тергеу іс-шаралары барысында Ақтаудың 18 жастағы тұрғыны ұсталды.

Қазақстан Республикасының ҚК-нің 4-тармағының 190-бабы 3-бөлігі "Ірі мөлшерде, екі және одан да көп адамға қатысты алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан