Таразда жасөспірім биік ғимараттан құлап мерт болды

Таразда жасөспірім биік ғимараттан құлап мерт болды
Фото: "Алматы" телеарнасы

Таразда жасөспірім ғимараттың жоғары қабатынан құлап мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, бітпеген ғимарат маңынан оқушының денесі табылған.

Жасөспірімді мұндай қадамға не итермелегені белгісіз. Соған қарамастан полиция "Суицидке дейін жеткізу" бабы бойынша соталды тергеуді бастады.

"Жасөспірім Қаратай Тұрысов мекенжайында орналасқан аяқталмаған ғимараттан секіргені анықталды. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру басталды", - деді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің басшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова