Ерке Есмахан күйеуі Raim-мен қалай танысқанын айтты

Ерке Есмахан күйеуі Raim-мен қалай танысқанын айтты
Фото: Instagram/erke_esmahan

Танымал әнші Ерке Есмахан күйеуі Raim-мен қалай танысқанын айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы әнші Павлодарда өткен концертте айтты. Оның айтуынша, ерлі-зайыпты алғаш рет Павлодарда танысқан. 

"Мені жаңа статусыммен құттықтап қойсаңыздар болады. Қазір келіншекпін. Тарихқа көз жүгіртсек, сонау 2018 жылы осы Павлодар қаласында, дәл осы сахнада, дәл осы жерде сіздердің алдарыңызда өнер көрсетуге келген болатынмын. Сол кезде осы жерде киіз үй тұр еді. Сол киіз үйдің ішінде Raim-мен танысқан едік. Алғаш рет бір-бірімізді көрдік. Содан бастау алған махаббат қанша сынақтардан, қанша белестерден өтіп, міне, бүгін күйеу мен әйел болып сіздердің алдарыңызға өнер көрсетуге келіп тұрмыз. Сондықтан Павлодар мен үшін ыстық, Павлодар - біз үшін махаббат бекеті. Сол анда жоқ-мында жоқ деген әнімді сіздерге арнап айтып берейін, әрине, таптым, Аллаға шүкір және менен кейін жолдасым өнер көрсетеді", - дейді ол видеода. 

@tuanova_ Махаббат деген ұлы сезім, ол бәрінде бола бермейді… #еркеесмахан#райм#раймерке#махаббат#влюбленные#raim#erkeesmahan ♬ оригинальный звук - Bahonya?

Еске салайық, әнші Ерке Есмахан мен Райм заңды түрде неке қиған еді. Олар некесін 4 сәуірде, Ораза кезінде, Түрксіб ауданының АХАТ бөлімінде қиған. Кейін өнер иесі үйлену тойын жасайтын-жасамайтыны туралы сұраққа жауап берді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек