Ақтөбе тұрғыны криптовалютадан ақша тапқысы келіп, алаяқтардың құрбаны болды

Ақтөбе тұрғыны криптовалютадан ақша тапқысы келіп, алаяқтардың құрбаны болды
Фото: elements.envato.com

Ақтөбеде криптовалютадан ақша тапқысы келген жас жігіт алаяқтың құрбаны болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция мәліметінше, кезекші бөлімге 21 жастағы қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреудің алаяқтық жолмен ақшасын иемденгенін айтып арызданған. Жәбірленуші Telegram-дағы арнадан криптовалюта табысы туралы хабарландыру тапқанын жеткізген.

"Сатушы мен сатып алушы мессенджер арқылы сөйлескен. (Криптовалюта) сатушысы жас жігітке ақша аударғаннан кейін бірден 2 еселенген соманы алатынын айтып сендірген. Олар қала сыртында кездесіп, жәбірленуші 3 миллион теңгесін күдіктіге өзі берген. Алайда ақша алғаннан кейін сатушы байланысқа шықпаған", - деп жазылған хабарламада.

Осы факт негізінде Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша соталды тергеп-тексеру басталды.

Тәртіп сақшылары крипто-алаяққа сенбеуге, танымайтын адамға ақша бермеуге кеңес береді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова