TikTok арқылы полицейді балағаттаған Семей тұрғыны сотталды

TikTok арқылы полицейді балағаттаған Семей тұрғыны сотталды
Фото: видеодан алынған кадр

Өзін полиция қызметкері бопсалады деп айыптаған Семей тұрғынының ісі бойынша сот шешім шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Іс әлеуметтік желілердегі жала жабу туралы есеп негізінде қаралған. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, Семей тұрғыны TikTok әлеуметтік желісі арқылы былапыт сөйлеп, полицейдің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірген.

Ол кінәсін толық мойындаған. Абай облысының мамандандырылған ауданаралық соты қаулысымен тұрғын Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-3-бабының 2 бөлігі – "Жала жабу" (Басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер тарату, адамды "Сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады" деп айыптаумен ұштасқан іс-әрекеттер) және 434-бапта – "Ұсақ бұзақылық" (Қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу) көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Ол 30 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан