"Құпия емес". Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев жалақысы қанша екенін айтты

"Құпия емес". Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев жалақысы қанша екенін айтты
Фото: Тұрар Қазанғапов

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев ай сайынғы жалақысы қанша екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы облыс әкімі Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты. 

"Құпия емес: қолыма 1 миллион 900 мың теңге түседі. Әкімдердің базалық жалақысы бірдей. Мұнда мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі ескеріледі", - дейді облыс әкімі. 

Еске салайық, бұған дейін Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи жалақысы қанша екенін айтқан болатын. Оның сөзінше, қала әкімі ай сайын 840-850 мың алады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина