Ақтөбеде халық тегін дөнерге таласып қалған - видео

Ақтөбеде халық тегін дөнерге таласып қалған - видео
Фото: "КТК" телеарнасы

Ақтөбеде халық тегін дөнерге таласып қалған. Қалада кафе ашылып, онда дөнерлер тегін таратылатыны айтылған. Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан видеолар пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

"Бұл адамдар неге бұлай тұрғанын түсіне алмаймын", "Бір-бірін итеріп, шаурма үшін бір сағат кезекте тұрып, оны бір минут ішінде жеп тастаңыз, неге?", "Аштан өліп жатыр ма?", "Олардың тамаққа ақшасы жоқ па?", "Барлық дөнер дүңгіршегі жабылып қалған ба?" - дейді пікір жазғандар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АКТОБЕ | AKTOBE | 04 (@aktobe365)

Қала полициясы бұл іс-шараны ұйымдастырушылар ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова