Ақтөбедегі мұнай-газ өңдеу зауытындағы өрттен бір адам көз жұмды

Ақтөбедегі мұнай-газ өңдеу зауытындағы өрттен бір адам көз жұмды
Фото: Автордан

Ақтөбе облысындағы "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ №2 газ өңдеу зауыты аумағында өрттен зардап шеккен төрт адамның бірі көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, төтенше жағдай кезінде зардап шегушінің беті, мойыны және аяқтарын жалын шалған. Тыныс алу жолдары зақымдалған. Жағдайы өте ауыр науқас 3 мамырда санавиация арқылы Астана қаласына жеткізілген. Ал бүгін таңертең Астанадағы √1 қалалық ауруханада науқас көз жұмды.
Еске сала кетейік 3 мамырда "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ №2 газ өңдеу зауытының аумағындағы қондырғы өртенген еді. Күйік шалған төрт жұмысшы Темір аудандық ауруханасына шұғыл түрде жеткізілген болатын.

Кәмшат Сексенбай

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Қ. Әбілдәқызы