Алып бала Алпамыс. Шымкентте ерекше сәби дүниеге келді

Алып бала Алпамыс. Шымкентте ерекше сәби дүниеге келді
Фото: pixabay

Шымкентте салмағы 6 келі болатын алып сәби дүниеге келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап. 

Сәби - анасының үшінші перзенті. Ұл баланың бойы - 65 сантиметр. Дәрігерлер жүкті әйелге ота жасамастан табиғи жолмен босандырып алды. Қазір 31 жастағы әйелдің жағдайы жақсы.

Сәбиге ата-анасы Алпамыс деген есім беруді ұйғарып отыр. Дәрігерлер ана мен баланы келер аптада ауруханадан үйіне жібермек. Мамандар одан кейін де сәбиге ерекше күтім жасап, салмағын бақылауда ұстау қажет екенін жеткізді.

"Босану кезінде ешқандай асқыну болған жоқ. Барлығы жақсы. Қазір ананың да, нәрестенің де жағдайы жақсы. Бірқалыпты. Нәрестеміз анасының қасында", - дейді қалалық №2 аурухана босану бөлімшесінің меңгерушісі Қарлығаш Әлжанова.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова