Ақтөбеде бірнеше тұрғынға улы жылан шабуыл жасады

Ақтөбеде бірнеше тұрғынға улы жылан шабуыл жасады

Ақтөбенің екі тұрғынын улы жылан шағып алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі diapazon.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылым редакциясына Ақтөбе қаласының тұрғыны Оңтүстік-Батыс өңірінде бірнеше жыландарды кездестіргенін айтқан.

Жергілікті дәрігерлер жылан шағу дерегі бұған дейін де бірнеше рет тіркелгенін хабарлады.

"Ақтөбе облысында жыланның көп түрлі жоқ, сондықтан бір ғана вакцина қолданамыз. Қазір біздің аурухана тағы бір вакцинаға тапсырыс берді, күтіп отырмыз. Облыстық ауруханаларда вакциналар бар. Қалада жыланның шағуы өте сирек кездесетін еді, бірақ биыл жылан шағу дерегі бірнеше мәрте тіркелді", - деді Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.

Дәрігерлер жылан шаққан жағдайда дереу емханаға немесе ауруханаға хабарласу керектігін ескертті. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова