Ақтөбелік жастар базарда жеңіс ленталарын таратты

Ақтөбелік жастар базарда жеңіс ленталарын таратты
Фото: Автордан

Ақтөбеде жастар Жеңіс күніне орай қаладағы базарларды аралап, Жеңіс ленталарын таратты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жастар халық көп баратын Шығыс және Орталық базарларды аралады. Олар тұрғындардың кеудесіне Георгий лентасы емес, қазақтың ұлттық оюмен көмкерілген көк түсті лентаны тағып берді. Мақсат- жастардың бойында патриоттық сезімді ояту, Жеңіс үшін шайқасқан жауынгерлердің ерлігін еске алып, тағзым ету. Бұл шара тұрғындарға ерекше көңіл-күй сыйлады. Белсенді жастар 3 мыңға жуық лента таратты. Тек қала емес аудандардағы жастар да акцияға қатысты.

 

Шараны қаладағы жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған.
Жалпы мұндай акция елімізде 2015 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.

Кәмшат Сексенбай.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Қ. Әбілдәқызы