Қайықтары аударылып кеткен. Ертісте ер адам мен әйел құтқарылды

Қайықтары аударылып кеткен. Ертісте ер адам мен әйел құтқарылды
Фото: "Астана" телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысында Ертіс өзенінен ер адам мен әйел құтқарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

"Звезда" кемесінің капитаны Александр Бахарев пен руль-моторист Андрей Денисенко Ертіс өзені бойымен Өзен вокзалы - Самал паркі бағытында жүрген. Олар өзеннен қайығы аударылған әйел мен ер адамды байқап, лезде әрекет етіп, кемеден құтқару шеңберін лақтырып, шығарып алған.

Ер адам қайықты басқара алмағаны, кейін ол аударылғаны анықталған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова