Павлодарда бейтаныс ер адам оқушының жағынан тартып жіберген

Павлодарда бейтаныс ер адам оқушының жағынан тартып жіберген
Фото: Tengrinews.kz

Павлодарда оқушыға шабуылдаған ер адам іздестіріліп жатыр. Әлеуметтік желі қолданушылары оқиға № 17 мектептің жанында болғанын жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, сыныптас ұлдар өзара күресіп жатқан. Сол кезде белгісіз автокөлік келіп тоқтап, ер адам 12 жастағы баланың жағынан бір тартқан. Бұдан кейін көлікке отырып, кетіп қалған.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл фактінің тіркелгенін растады.

Сот-медициналық сараптама тағайындалған. Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Ер адамның кім екені және оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан