Шымкентте екпіні күшті желдің салдарынан құлаған алып ағаш көлікті басып қалды

Шымкентте екпіні күшті желдің салдарынан құлаған алып ағаш көлікті басып қалды
Фото: otyrar.kz

Шымкентте соққан екпінді желдің салдарынан көліктің үстіне ағаш құлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Екпіні күшті желдің салдарынан қала орталығында алып ағаш құлап, көлікті басып қалды. Құлаған ағаш көліктің жүк салғышын ғана зақымдаған.

"Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың критерийлері бойынша қауіпті метеорологиялық және агрометеорологиялық құбылыстарға екпіні секундына 18 метр және одан да көп болатын желдің жылдамдығы жатады. Қазір Шымкентте желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді", - деп жазды otyrar.

"Азаматтарды барлық сақтық шараcын сақтауды сұраймыз. Сақ болыңыздар, кішкентай балаларды далаға шығармаңыздар", - деп хабарлады Шымкент төтенше жағдайлар департаменті.

Бұған дейін синоптиктер 4-6 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасаған еді. Республика бойынша желдің күшейіп, оңтүстіктегі өңірлерде шаңды дауыл соғатыны хабарланған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан