Абай облысында жаңа оқу жылынан бастап бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтанады

Абай облысында жаңа оқу жылынан бастап бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтанады

Абай облысында жаңа оқу жылынан бастап бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтанады. Мұны бүгін облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңейтілген кеңесте өңір әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әкімнің орынбасары бастауыш сынып оқушыларынан басқа, 350 балабақшада көпбалалы отбасынан шыққан 5 700 бала тегін тамақтанатынын айтты.

"Осы категориядағы балалар қосымша білім беру ұйымдарына, үйірмелер мен секцияларға тегін негізде барады. 600 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қамқоршыларына жәрдемақы төлеу үшін 200 миллион теңге қарастырылды", - деді Шалқар Байбеков.

Сонымен қатар оқушы орындарының тапшылығын шешу үшін 2027 жылға дейін облыста 9500 орындық 18 мектеп салынады. Атап айтқанда, Семейде 5 мектеп салынады.

Мектептердің материалдық-техникалық базаларын нығайту мақсатында 810,0 миллион теңгеге жаңа 87 кабинет сатып алынады.

"Қазіргі таңда конкурстық процедуралар аяқталып, кабинеттерді орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. 11 ауыл мектебіне автобус алуға 119 миллион теңге қарастырылған. 8 мектеп пен 1 балабақшаны күрделі жөндеуге 1,340 миллиард теңге бөлінсе, 85 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстарына 1,1 миллиард теңге бөлінді", - деді облыс әкімінің орынбасары.

Материалды Абай облысының әкімдігі ұсынған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан