Павлодарда ер адам 12 жастағы қызды ойын алаңында аяусыз ұрған

Павлодарда ер адам 12 жастағы қызды ойын алаңында аяусыз ұрған
Фото: pixabay.com

Павлодарда мас ер адам 12 жастағы қызды ойын алаңында аяусыз ұрып тастаған. Зардап шеккен қыздың туыстары ер адам 12 жастағы қыздың басын сырғанаққа ұрғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бұл туралы әлеуметтік желіде жергілікті тұрғындардың бірі жазған. Бұл жазбаға қатысты облыстық полиция департаментінің өкілдері пікір білдірді. 

"Бұл дерек 26 сәуірде тіркелді. Оқиға орнына Солтүстік полиция бөлімінің учаскелік инспекторы келді", - деді ПД баспасөз қызметі өкілдері. 

Құқық қорғау органдары сот-медициналық сараптаманы тағайындады, оның нәтижелері бойынша нақты шешім қабылданады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина