Атырауда 1 тоннадан астам балық тасымалдаған күдіктілер ұсталды

Атырауда 1 тоннадан астам балық тасымалдаған күдіктілер ұсталды
Фото: polisia.kz

Атыраулық полицейлер 1 тоннадан астам заңсыз балық тасымалдаған күдіктілерді анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, 22 сәуір күні Құрманғазы ауданы Шарон өзені бойында 1987 жылы және 1991 жылы туған аудан тұрғындарының қайығын тексеру кезінде жалпы салмағы 1 203 келі балық тәркіленген. Оның ішінде сазан, жайын, көксерке, құтықаракөз қара балықтары болған.

 

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан