6 келіден асады. Шымкентте алып бала дүниеге келді

 6 келіден асады. Шымкентте алып бала дүниеге келді
Фото: otyrar.kz

Шымкентте 6 келі 50 грамм бала дүниеге келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Ол 2023 жылғы 3 ақпанда қалалық перинаталдық орталықта туған. Туған кездегі бойы 63 сантиметр болған. Анасына кесар тілігі арқылы ота жасалған.

Дәрігерлердің айтуынша, бұл - оның екінші баласы. Операция сәтті өткен: бала мен анасының жағдайы жақсы. 

"Перинаталдық орталығымызда күн сайын 30-дан астам сәби дүниеге келеді. 2023 жылғы 3 ақпанда бізге жүктіліктің 39-аптасындағы әйел түсті. Тексере келе оның ішіндегі нәрестенің өте үлкен екенін анықтадық. Содан кеңесіп, "кесар тілігі арқылы босандыру керек" деп шештік. Операция сәтті аяқталды. Содан кейін ана мен бала 5 күн біздің бақылауымызда болды, содан кейін үйіне шықты", - дейді акушер-гинеколог Данияр Жарқынов.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан