Шығыс Қазақстанда шөп өртеніп жатыр: өңірде дауылды ескерту жарияланды

Шығыс Қазақстанда шөп өртеніп жатыр: өңірде дауылды ескерту жарияланды
Фото: Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары алдыңғы демалыс күндерінің өзінде 20-дан астам өртенген шөпті сөндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Көбінесе, ашық жерлер мен саяжай қоғамдарының жанындағы шөп жанып жатыр. Мұның себебі - отты абайсызда пайдалану. Бүгін және ертең Шығыс Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды", - делінген хабарламада.

"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша 25 сәуірде облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде солтүстік-батыс жел 15-20, екпіні 23 м/с болады. Қазіргі уақытта Зайсан ауданында қатты жел соғып тұр. Қарабұлақ учаскесінде алдын ала ауданы 30 га өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департамені халыққа отты пайдалану кезінде өте сақ болу керегін, үйлер мен үй-жайлардың жанында от жағуға, құрғақ шөпті өртеуге, қамысты өртеуге болмайтынын ескертті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан