Шымкентте жалдамалы пәтерден ер адам мен әйел өлі табылды

Шымкентте жалдамалы пәтерден ер адам мен әйел өлі табылды
Фото: pixabay

21 сәуірде Шымкенттегі жалдамалы пәтерлердің бірінен екі адам өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Олар 25 жастағы ер адам мен 22 жастағы әйел екені белгілі болды. Қазір қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бұл оқиға №8 шағынауданда болған. Бұл аумақтағы пәтерлердің басым бөлігі жалға беріледі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова