58 жастағы ақтөбелік әйел медициналық колледжде білім алып жүр

58 жастағы ақтөбелік әйел медициналық колледжде білім алып жүр
Фото: Қарлығаш Нарегеева ортасында

Білім алу ешқашан кеш емес. Оған жарқын мысал - ақтөбелік Қарлығаш Нарегеева. Ол 58 жасында жоғары медициналық колледжге түскен. Қазір ол "жалпы медициналық практиканы" оқып, медбике болуға дайындалып жүр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон" сайтына сілтеме жасап.  

Қарлығаш Нарегеева бастапқыда суретші мамандығын бітірген. Артынша тұрмысқа шығып, Шыңғырлау ауылына кеткен. 

"Суретші мамандығын бітіріп, мұғалім боламын деп ойлаған емеспін. Алайда өмірде түрлі жағдай болады. Бастапқыда қиын болатын", - дейді ақтөбелік тұрғын. 

Фото: "Диапазон"

Пандемия кезінде Қарлығаш санитар болып, медбикелер мен дәрігерлерге қолынан келгенше көмектесіп жүрген. 

"Коронавирус пандемиясы өршіп тұрған уақытта санитар болып жұмыс істеп жүрдім. Бұл ең қиын кездер еді, бірақ адамдарға көмектескім келетінін түсіндім. Медбике мамандығы бойынша білім алып, адамдарға көбірек пайдам тиетінін түсіндім. Кейбір әріптестерім мен таныстарым мысқылдағанына қарамастан, білім алуға деген талпынысым зор", - дейді ақтөбелік. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина