Ақтөбе облысындағы жол апаты үш адамның өмірін жалмады

Ақтөбе облысындағы жол апаты үш адамның өмірін жалмады
Фото: ПД

Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

23 сәуірде Хромтау ауданы Жазық ауылы маңында Самара-Шымкент тасжолында жол апаты болды.

ВАЗ-2110 және Toyota маркалы көліктері соқтығысқан. ВАЗ көлігінің 3 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, жүргізушісі аудандық ауруханаға жеткізілген.

Бұл іске қатысты соталды тергеу басталды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова