Атырауда өз-өзіне қол жұмсаған жасөспірімнің денесі екі аптадан бері іздестіріліп жатыр

Атырауда өз-өзіне қол жұмсаған жасөспірімнің денесі екі аптадан бері іздестіріліп жатыр

Атыраулық құтқарушылар жасөспірімнің денесін 13 күннен бері іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жалпы ауданы 730 шаршы метрден астам су астын қарап шыққан.

"Іздестіру жұмыстарына жедел-құтқару жасағының кинологиялық бөлімі жұмылдырылып, құтқарушылар, жасөспірімнің туыстары, еріктілер және жергілікті тұрғындар Жайық өзенінің жағалауларына барлау жұмыстарын жүргізді.

Бүгінде Жайық өзенінде су деңгейінің көтеріліп, ағыс жылдамдығы және желдің екпіні қатты болғандықтан, сүңгу жұмыстары тоқтатылды. Дегенмен іздестіру жалғасады" - делінген Атырау облысы төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.

Еске салайық, 2007 жылы туған жасөспірім 6 сәуір күні белгісіз бағытқа шығып кетіп, кері оралмаған еді. Кейін жоғалған қыздың өз-өзіне қол жұмсағаны белгілі болды.

Баян Жанұзақова

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан