"Басы жиі ауыратын". Шымкентте 10 жастағы баланың миынан 15 құрт алынды

"Басы жиі ауыратын". Шымкентте 10 жастағы баланың миынан 15 құрт алынды

Шымкенттік дәрігерлер ерекше операция жасады: 10 жастағы баланың миынан алып эхинококк кистасы алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Отырар" сайтына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, 10 жастағы баланың басы жиі ауыратын болған. Дәрігерлер оны тексергеннен кейін миында эхнококк барын анықтаған. Бұл әсіресе балалар арасында сирек кездесетін ауру. Яғни баланың миына құрттар әсер ете бастаған. Дәрігерлердің сөзінше, баланың миынан 10-15 құрт алынған. Құрттардың өзі 15 сантиметрге жуық болған. 

2 сағатқа созылған операция сәтті аяқталған. Бала екі күндей жансақтау бөлімінде жатып, артынан палатаға жатқызылған. Екі аптадан кейін бала үйіне жіберілген. Бірақ соған қарамастан бала дәрігерлердің бақылауында.  

Айта кетейік, мидың эхинококкозы - бұл эхинококк мультилокулярис және эхинококк гранулозы құрттарының ларвальды сатыларынан туындаған орталық жүйке жүйесінің паразиттік ауруы. Паразиттер денеге қол кір болғанда немесе жануарлар арқылы енеді. Уақтылы емделмесе, эхинококкоз өлімге әкелуі мүмкін.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина