Дубай жолдамасы! "NauryzPhoto" конкурсының жеңімпазы анықталды

Дубай жолдамасы! "NauryzPhoto" конкурсының жеңімпазы анықталды

Massaget.kz ақпараттық-танымдық порталы ұйымдастырған "NauryzPhoto" конкурсы мәресіне жетті. Бірнеше кезең арқылы іріктелген сайыста Мейірбек Тәжқұранов есімді қатысушы жеңімпаз атанды.

Конкурс ережесі бойынша бірінші кезеңде қатысушылар фотоларын әлеуметтік желіге жүктеп, сайттың Instagram парақшасын белгіледі және жазылды. Ұйымдастырушылар арнайы хэштег арқылы конкурсқа түскен суреттерді іріктеп, 17 жұмысты дауыс беру кезеңіне өткізді.

Дауыс беру кезеңінде 7 үміткер ереже мен талаптарды сақтамағаны үшін конкурстан шеттетілді. Олардың ережеден аттағанын ІТ мамандар анықтады.

10 қатысушы бақ сынаған негізгі кезеңде Мейірбек Тәжқұранов 2424 дауыспен үздік шығып, Дубайға баратын екі жолдаманың иегері атанды. Жеңімпазды шын жүректен құттықтаймыз!

"NauryzPhoto" конкурсына қатысқан барша үміткерге алғыс білдіреміз. Сіздерге сәттілік серік болсын!

Ө. Сансызбай