Ақша "жеудің" жақсы әдісі екен: ШҚО-да әжетханаларды күтіп ұстауға бөлінген қаржы тұрғындар наразылығын туғызды

Ақша "жеудің" жақсы әдісі екен: ШҚО-да әжетханаларды күтіп ұстауға бөлінген қаржы тұрғындар наразылығын туғызды

Шығыс Қазақстан облысында әжетханаларды күтіп ұстауға бөлінген қаржы тұрғындар наразылығын туғызды. Мемлекеттік сатып алуда жеңіп шыққан мердігер бөлінген ақшаға әжетхананың тазалығы мен үздіксіз жұмыс істеп тұруын қамтамасыз ету тиіс, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл хабарландыруды "Таза Өскемен" кәсіпорны мемлекеттік сатып алу порталына жариялапты. Техникалық сипаттамаға сүйенсек, тізімде 16 әжетхана тұр.

"Мемлекеттік сатып алуда жеңіп шыққан мердігер тазалық пен зарарсыздандыруға мән беруі керек. Әжетхананың ішінде сабын мен дәретхана қағазының болуы қадағалануы тиіс", - делінген мәліметте.

Бұдан бөлек, конкурста жеңген мердігер бекітілген кестеге сәйкес әжетханалардың күнделікті жұмыс істеп тұруын қамтамасыз етуге міндетті.

Келісімшарт қол қойылған сәттен 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін жарамды. Әзірге мердігер табылмапты. Мемлекеттік сатып алудың соммасы - 8 035 714 теңге.

Коммуналдық қызмет өкілдерінің мәліметінше, әжетханалар "Сәулетай" саябағы, Өзен вокзалы, Даңқ мемориалы, Гагарин бульварының алаңы, Республика алаңы, "Нұрлы жол" саябағы және Протозанов 39, көшесі маңында.

"Тағы жетеуі әуежай ауданындағы соңғы аялдамаларда, Защита ауданындағы теміржол вокзалы, ГЭС, Октябрьск кенті, Виноградов көшесі, сондай-ақ, Пристань жақта", - деді "Таза Өскемен" өкілдері.

Қала тұрғындары үшін бұл қомақты қаржыны қалтаға басу болып саналды. Ольга Тужилкина зәр мен нәжіске осынша ақша бөлінуін "бұдан басқа іс қалмағандай десе", Павел Радионов есімді тұрғын "ақша "жеудің" жақсы әдісі екен" деп мысқылдады.

Асыл Бигелді

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Қ. Әбілдәқызы