Абай облысында жасөспірім қайғылы жағдайда мерт болды

Абай облысында жасөспірім қайғылы жағдайда мерт болды
Фото: Pexels.com

Абай облысында қайғылы жағдайда жасөспірім қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 14 сәуірде Абай облысы Бесқарағай ауданында болған. Бос жердегі орман шаруашылықтарының бірінде жасөспірім өзінің танысымен бірге шөп жинай бастаған. Жұмыс барысында жәбірленуші трактор мен білік жетегімен тракторға қосылған шөп орау прессінің арасында тұрып, секірмек болғанда, киімге ілініп, қысылып қалған.

Салдарынан 17 жастағы жасөспірім оқиға орнында қайтыс болды.

Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина