Шымкентте ер адам кәмелетке толмаған қыздың көзінше автобуста мастурбация жасаған

Шымкентте ер адам кәмелетке толмаған қыздың көзінше автобуста мастурбация жасаған

Шымкентте жағаұстатар жайт болды. Белгісіз ер адам кәмелетке толмаған қыздың көзінше қоғамдық көлікте мастурбация жасаған. Жәбірленушінің анасы болған оқиға туралы "Отырар" басылымына айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әйел адамның сөзінше, қызы қаладағы №52 автобуста келе жатқан. Оның қасына шамамен 30 жастағы ер адам отырып жолаушылардың көзінше мастурбация жасай бастаған.  

Шошып кеткен қыз айғайлап жіберген кезде ер адам аялдамада шығып кеткен. Ең сорақысы қалған жолаушылар ешқандай реакция білдірмей, ары қарай кете берген. 

"Бүгін таңертең 11-лерде қызым Алаш базары жаққа автобуспен бара жатқан. Қызым бірден маған жазып, "анашым, сұмдық жағдай болды, мен автобустың артқы орындарында отырғанмын, қасыма бір ер адам келіп отырды. Телефонда ойын ойнап отырғанмын, бір кезде көзімнің қиығымен біртүрлі әрекеттерді көрдім. Қарасам ол мастурбация жасап жатыр екен" дейді. Қызым орнынан атып тұрып, айғайлап жіберген. Сол кезде ер адам қызымның киімін ластап, аялдамада шығып кеткен. Бірде-бір адам бұрылып қарамаған. Артынан бір әйел адам қызыма беріп, шалбарын сүртіп алуын айтқан", - дейді жәбірленушінің анасы.  

Ол әзірге полицияға арызданбаған. Ер адамның бұл әрекетіне қатысты құқық қорғау органдары әлі пікір білдірмеген. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина