Павлодар облысындағы мектептің жағдайы жұртты шошытты

Павлодар облысындағы мектептің жағдайы жұртты шошытты

Павлодар облысы Озерный елді мекеніндегі мектептің жағдайы жұртты шошытты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Facebook әлеуметтік желісінде білім ұясының қазіргі көрінісін көргендер түрлі пікір қалдырып жатыр.

"Соғыстан кейінгі ғимаратқа ұқсайды екен", "Украинадағы бомбаланған мектеп пе?" - деп сұрап жатқандар бар.

 

Железин ауданына 13 сәуірде облыс әкімі Асайын Байханов жұмыспен барған. Алайда аймақ басшысы бұл ауылға соқпаған. Осыдай кейін жергілікті тұрғындар мектептің жағдайын әлеуметтік желіге таратып жіберген.

Мектептің жағдайына қатысты аудандық білім беру бөлімінің өкілі пікір білдірген.

"Озерный орта мектебін жөндеу жұмыстарына сметалық жоба әзірлеу үшін аудандық білім бөлімі конкурс жариялады. 17 сәуірде нәтижесі белгілі болады", - деді Железин аудандық білім беру бөлімі өкілі.

Бұл жағдайға облыстық білім беру басқармасының басшысы Самал Айтқазина да пікір білдірді.

"Железин ауданына қарасты 29 мектептің 24-ін аралап шықтым, мектептердің жағдайына қанықпын. Биыл Веселая роща ауылында орналасқан мектепте күрделі жөндеу жүргізіледі. Озерный мектебінің жобалық сыйымдылығы 480, бүгінгі таңда мектепте 22, мектепалды даярлық тобында 4 оқушы білім алып жатыр. Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін конкурс жарияланды", - дейді білім беру басқармасының басшысы.

Е.Базарқұл   

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова